
«Тастүлек» бөбекжай бақшасы
БІЗ ТУРАЛЫ
ЖМ «ТАСТҮЛЕК» балабақшасы Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын моссивінде орналасқан. Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, аспазшылар және медбикелерден құралған.
Қызметкерлердің басты мақсаты балалардың жан жақты дамуына толыққанды жағдай жарату .Білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына және бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.Бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалар негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға бағытталған.
Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген.
























